Премьер Алматы және Алматы облыстарындағы табиғат қорғау аймақтарындағы заңсыз құрылыстарды бұзып, жер телімдерін тәркілеуге қатысты шаралар қабылдауды тапсырды

"Заңсыз салынған құрылыстарды бұзу және жер телімдерін тәркілеуге қатысты шаралар қабылдансын",- деп мәлім етті ол бүгін Алматыдағы құрылыс салу жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысын қорытындылай келе.

"Бекінбай мен Үлкен және Кіші Алматы өзендерінің су қорғанысы аймағы мен ерекше қорғалатын табиғат аймақтарынан жер телімдерін бөлу және құрылыс салуға рұқсат беру туралы бұрын қабылданған заңсыз шешімдерді барлығы заңсыз деп танылсын",- деп қосты Кәрім Мәсімов.

Сонымен қатар, премьер Алматы әкіміне Шымбұлақтағы нысан иелерімен келіссөздер жүргізуді тапсырды.

"Сізге, Иманғали Нұрғалиұлы, Шымбұлаққа қатысты барлық нысан иелерімен мемлекет меншігін (нысандарды - агенттік ескертпесі) өз еріктерімен Медеуге қайтару туралы келіссөздер жүргізуді тапсырамын. Әзірге осындай достық келіссөздер жүргізіледі. Одан кейін мұны түсінбегендермен басқаша келіссөздер жүргіземіз",- деп түйіндеді Кәрім Мәсімов.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті