Премьер кәсіпкерлерді 2008 жылшағын және орта бизнесті қолдау шаралары бойынша ұсыныстар жасауды сұрады

"Сіздер, мен алаңдатып отыр үш мәселеге байланысты жауап берулеріңіз керек: алдағы жылы шағын және орта бизнеске үкімет тарапынан көмек керек пе, жоқ па, қандай көлемде қолдау көрсету керек? Шағын және орта бизнестің жұмысын жеңілдету үшін, қандай тосқауылдар мен кедергілерді бір шешім арқылы алып тастау керек?" - деп сұрады К. Мәсімов кәсіпкерліктің дамыту мәселесіне арналған "дөңгелек үстел" барысында.

Үкімет басшысы "бұл мәселе бойынша кәсіпкерлердің жиындық пікірін" 2008 жылдың 15 қаңтарына дейін тапсыруларын сұрады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті