Мұнда министр мен облыс әкімдеріне мемлекет басшысы тағы шеберлік сағатын өткізді. Жолдауда айтылған міндеттерін қалай орындау керектігін тәптіштеп түсіндіріп берді. Оны жүзеге асыру үшін мемлекет ақша аяп отырған жоқ. Енді әкімдерден талап етілетіні тек сол тапсырманы қатаң бақылауда ұстау. Ал аймақ басшылары болса, президентке артылған істі уақытында орындауға уәде берді.