Ағымдағы жылдың он айындағы экономиканың дамуына қорытынды жасаған Даниал Ахметов, "болжағанымыздай, өнеркәсіп саласындағы жағдай тез арада ретке келді, ондағы өсім 6,7% құрады,-деп мәлімдеді. Үкімет басшысының ақпараты бойынша, он айдағы өңдеу өнеркәсібінің өсімі 7,4% құраған, ал тау-кен өндірісі 6,3% құрады. "Яғни өңдеу секторының ролін күшейтіп , нығайту ілгерілеп келеді",-деді премьер-министр.
Үкімет басшысының пікірінше, "мұндай өнеркәсіп саласындағы ілгерілеу инвестицияның өсуіне байланысты болып отыр. Он ай ішінде инвестиция 18% артқан". "Жалпы алғанда, негізгі капиталға тартылған экономикалық инвестиция 19% ұлғайды, бұл экономиканың нақты өсімінен екі есеге артып, ел экономикасын дамытудың басты локомотивіне айналды" ,-деді Даниал Ахметов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті