Премьер-министрдің тапсырмасы бойынша «Семей орманы» аумағындағы жұмыстарды үйлестіру үшін төтенше жағдайлар және экология министрлері өңірге жіберілді

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы primeminister.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жақын маңдағы елді мекендерді қорғау және өрттің одан әрі таралуының алдын алу шараларын күшейту тапсырылды.

2026 жыл 16 шілде сағат 16:00-дегі жағдай бойынша өрт сөндіруге 400-ден астам адам және 100-ге жуық техника жұмылдырылды. Көлемі 100 тоннадан асатын су себілді.

Жедел штаб жұмысы Премьер-министрдің жеке бақылауында.