"Біз салық салу мәселелерін өзгертпей, Салық кодексіне өзгертулер енгізбей бұл мәселеде инвестиция тарта алмаймыз",- деп мәлім етті Кәрім Мәсімов бүгін Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің алқа мәжілісінде.
"Мүмкін, салық саясаты, кеден және тариф саясаты мәселелері есебінен тартуды қарастыру керек шығар",- деп қосты премьер-министр.
Кәрім Мәсімов сондай-ақ, қуатты үнемдеу мәселесін және қуатты үнемдеу технологиясын дамыту мәселесін шешу үшін Қазақстан жүріп келе жатқан "жолымен жүріп өткен Шығыс Еуропа елдерінің озық тәжірибелерін пайдалану" деп атап көрсетті.