"Өте мұқият дайындалу қажет деп санаймын, және де жаңа парламентті жұмыспен қамтамасыз ету үшін және біз қоғамға да, халыққа да қоғамымызда болып жатқан барлық саяси реформалардың қажетті және маңызды екендігін көрсете білуіміз үшін оның жұмысын жаңа заңдар топтамасымен бастау керек",- деді деді К. Мәсімов үкімет отырысының барысында.
Қазақстан Республикасының әділет министрі Зағипа Балиева, "бүгінде мемлекеттік органдарда 20 заң жобасын келісу жүргізіліп" жатқандығын хабарлады. Олардың қатарында дене шынықтыру және спорт туралы, кітапхана және кітапхана ісі туралы, үкімет туралы конституциялық заңға түзетулер енгізу туралы, жеке кәсіпкерлік туралы заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы, халықтың денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекс және тағы басқа да заң жобалары бар. "Бұл заң жобалары одан әрі парламентке енгізу үшін алдағы уақыттарда үкіметке енгізілетін болады",- деп нақтылады ол.
Атап айтқанда, З. Балиева, үстіміздегі жылдың тамызының аяғында үкімет парламентке төрт заң жобасын енгізуге тиіс - "Ардагерлер туралы" заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы", "2008-2010 жылдарға арналған ресми трансферттер көлемі туралы", "Республикалық бюджет туралы", "Салық салу мәселелері жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобалары. "Олардың барлығы да үкімет пен парламентке енгізу сатысында, сондықтан да алаңдаушылық тудыратын мәселе жоқ",- деп атап өтті ол. "Қазіргі уақытта парламентте 20-дан астам заң жобасы жатыр және жақын уақыттарда біз депутаттардың қоржынын барынша толықтыра аламыз",- деп қосты әділет министрі.
Үкімет отырысының барысында сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар екі заң жобасын "қоғаммен талқылауға" шешім қабылданды. "Әлеуметтік маңызы бар екі заң жобасы бар - бұл Неке және отбасы туралы Кодекс пен Халықтың денсаулығы туралы Кодекс. Екі заң жобасы да мемлекеттік органдардың келісімінен өтіп жатыр, және де олардың маңыздылығын ескере отырып, біз оларды жұртшылықпен талқылау үшін баспаға жариялауға шешім қабылдауға тиіспіз",- деп атап өтті З. Балиева.