Премьер заңнамаға өзгерістер енгізіп, инвесторларға қойылатын талапты қатайтуды тапсырды

"Меніңше, заңнамаға өзгерістер енгізу талап етілуде. Ондай өзгерістерді жаңа заң 2009 жылдың 1 қаңтарында тиімді түрде күшіне енуі үшін енгізу қажет", - деп мәлімдеді Кәрім Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында.

Премьер "көмір және басқа да кеніштерді игеруге, мемлекет тарапынан инвесторға заңнамалық деңгейде қандай талап қойылуға тиіс екендігі жайлы ойластыру қажет" деп атап өтті.

"Бұл әрбір жағдайда инвестордың немесе мемлекеттің ықтиярындағы мәселе емес, нақты талап болуға тиіс", - деді ол.

"Біз жаңа Салық кодексі енгізілгенге дейін барлық келісім-шарттарын уақытша тоқтатқандықтан, таяу уақыттарда барлық мәселелерді кешенді түрде қарауымыз қажет деп ойлаймын, жер асты жұмыстары жүргізіліп жатқан жер қойнауын пайдаланушыларға қандай талап қоюымыз қажеттігін қарастыру керек", -деді Кәрім Мәсімов.

Премьер-министр жер қойнауын пайдалануға жасалатын жаңа келісім-шарттарына "қауіпсіздік техникасына қатысты барлық шарттарды бірден жазу керек", деп атап өтті.

"Бұл шарттарды міндетті трде заңнамалық деңгейде қазіргі қолданыстағы келісім-шарттарына да тарату керек", -деді Кәрім Мәсімов.