Премьер-лига клубтарының жасөспірім командалары арасында ел чемпионатының 1-ші туры басталды

Онда «қайраттың» жас аяқдопшыларының қарсыластары Атыраудың «Атырау», Талдықорғанның «Жетісу», Өскеменнің «Шығыс» командалары болмақ. Ал олардың 1996, 1998 жылғы ізбасарлары Талдықорғанда, 1997 және 1999 жылдары туғандардың қос командасы Атырауда алғашқы ойындарын өткізеді.

Былтыр 1994 жылғылар арасында 1-3 орынды «Жетісу», «Тараз», «Ертіс» (Павлодар) командалары сәйкесінше иеленген болатын. Ал 1995 жылғылар арасында «қайраттықтар» жеңімпаз атанып, «Ордабасы» (Шымкент), «Ертіс» жүлдегер болды. 1996 жылғылар арасында «Тараздықтар» чемпион атанып, алматылықтар («Қайрат») мен оралдықтар («Ақжайық») 2-3 орынды бөлісті. Ал 1997 жылғылар арасында «Қайрат», «Ақтөбе», «Тараз», 1998 жылы туғандар арасында «Қайрат», «Шахтер» «Ақтөбе» үздіктер қатарынан көрінген еді.