Онда алматылық «Қайраттың» жас тәрбиеленушілері сәтті өнер көрсетуде. Мәселен 1994 жылға дейінгілер Ақтөбеде күш сынасуда. Онда Вячеслав Богатырев жаттықтыратын алматылықтар атыраулық құрдастарын бірінші кездесуде 4:0 есебімен ұтты. 1995 жылға дейінгілердің Оралдағы додасында «Қайрат-95» атыраулықтарды 2:1 есебімен жеңсе, 1996 жылға дейінгілердің Астанадағы сайысында «Қайрат-96» ақтөбеліктерге 1:4 боп ұтылғанымен, атыраулықтардан 7:2 есебімен басым түсті. «Қайрат-97» болса Алматыда шымкенттіктерді 2:0, тараздықтарды 3:0 есебімен жеңіп, талдықорғандықтармен 1:1 есебімен тең түсті. Максим Шевченко баптайтын «Қайрат-98» Қарағандыда талдықорғандықтарды - 7:0, қызылордалықтарды 4:0 есебімен жеңді. Ал «Кайрат-2001» Семейде өткен ҚР біріншілігінде үшінші орынды еншіледі. Дмитрий Шереметтің тәлімін алған аяқдопшылар «Екібазтұзды» - 2:1, «Астаны-1964-ті» - 3:2, «Востокты» 4:1 есебімен ұтып, жартылай финалда «Лашынмен» ойынның негізгі уақытында 3:3 есебімен тең түсіп, пенальтиден қарсыластарына 5:4 есебімен есе жіберді. Үшінші орын үшін болған матчта «Ақтөбені» 1:0 есебімен жеңген олар қола жүлдегер атанды.