Премьер-министр айтыскер ақын Ақмарал Леубаеваға алтын білезік сыйлады

Мерейтой иесіне Үкімет басшысы алтын білезік тарту еттті. Кәрім Қажымұқанұлының бұл сәлемдемесін ақынға "Заңғар" шығармашылық бірлестігінің төрағасы Айдар Қырықбаев табыс етті. Онда сондай-ақ Оңтүстік Қазақстан облысының әкімінің темір тұлпары, Бәйдібек ауданы әкімінің сәйгүлігі тарту етілді.

Өнер кешінде айтыскер ақындар Аманжол Әлтаев пен Айбек Қалиев А. Леубековаға арнауларын толғады. Ақбота Керімбекова, Бейбіт Сейдуәлиева, Роза Әлқожа сияқты өнерпаздар кеш иесінің сөзіне жазылған әндерді орындады. Сондай-ақ Ақмарал алғаш рет өзінің "Тағдыр" деген әнін айтып, көрерменге отты жырларын шашу қып шашты.