Премьер-министр «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі» жобасын іске қосу рәсіміне қатысты


Елбасы Н.Назарбаев жеңіл рельсті трамвайдың бірінші желісі құрылысының басталу құрметіне жерге капсула көмді. Бұл жоба үш кезеңде жүзеге асырылады. Ұзындығы 16,39 шақырымды құрайтын бірінші желінің құрылыс-монтаж жұмыстарын 2013 жылдың желтоқсан айына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Трамвай желісінің жалпы ұзындығы 41,81 шақырымды құрайды және 27 стансаны қамтитын болады.