Ақ үйдің жанынан салынып жатқан "М-3" көпірі премьер барған алғашқы нысан болды.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаментінің директоры Жанарбек Сүлейменовтың айтуынша, ұзындығы 318 метр болатын 8 қатарлы көпірді "Казмостдорстройсервис" компаниясы салып жатыр.
К. Мәсімов, сондай-ақ тұрғын үй мен кеңсе орындарын қамтитын халықаралық сауда орталығының құрылыс алаңын аралады.
Үкімет басшысы, сонымен бірге, жаңа Конгресс-холлдың, "Солтүстік шұғыласы" тұрғын үй кешенінің, "Шабыт" шығармашылық сарайының, "Қазақ елі" монументінің, "Керуен" сауда-ойын сауық орталығының және "Рамстор" сауда үйінің жанынан салынып жатқан көлік торабының құрылысымен танысты.