Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қауіпсіздік кеңесіндегі таяудағы отырысында берген тапсырмасын орындау мақсатында, мемлекеттік комиссия шағын кәсіпкерлік субъектілерін несиелендіру көлемін арттыру және еліміздің өңірлеріндегі үлескерлердің құқығын қорғау мақсатында құрылыс рыногына қолдау көрсету жөніндегі міндеттерді іске асырудағы жергілікті атқарушы органдарды қатыстырудың нақты тетіктері қаралды".
ҚР Экономикасын жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссия 2008 жылы құрылысқа қатысушы үлескерлердің құқығын қорғау және шағын бизнесті дамыту мен қолдауды қаржыландыруға арналған өңірлерді дамытудың бюджеттік бағдарламаларының болжамды қаржы көлемін 30 пайызға дейін бағыттау туралы мәселені қарады.
"Жергілікті атқарушы органдар тарапынан шағын бизнес жобасын қаржыландырудың сызбасы мынадай: кредит түріндегі қаражат Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорына (ШКДҚ) бөлінетін болады, бұл қаржы мемлекеттік комиссияның анықтауымен екінші деңгейлі банкілердің (ЕДБ) бөлімшелік желілері арқылы орналастырылады, шағын кәсіпкерліктің нақты субъектілеріне беріледі",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Міндеттемелерін реттеу үшін әрбір тарап, әкімдік, ШКДҚ және ЕДБ-дің арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылатын болады.
Премьер-министр аталған нақты өңірлердегі көмекті қажет ететін экономиканың сондай секторларындағы шағын кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландырудың маңыздылығын ерекше атап өтті.
Әкімдіктердің белсенді қатысуы жергілікті жағдайды ескере отырып, өңір үшін анағұрлым маңызды болып табылатын шағын бизнес жобасын таңдап алуға және қаржы түріндегі мемлекеттік қолдаудың тиімді пайдалануына бақылау жасауды қамтамасыз етуге мүмкіндік туғызады.
Үлескерлердің мүддесін қорғау үшін бөлінетін қаражат құрылысы басталған нысандарды аяқтауға бөлінетін беріледі. Өңірлерде уәкілетті мекемелер анықталатын болады, үлескерлердің қатысуымен тұрғын үй құрылысы мәселелерін қарау жөніндегі комиссия құрылды, мемлекеттік қолдау талап етілетін нысандардың тізбесі анықталды.
Жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимыл жоспарын іске асыруға қатысуы қарастырылған шаралардың тиімділігін арттыруға және қаржыландыру сызбасының ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Премьер-министр 2007 жылдың қорытындысы бойынша ведомстволық алқа отырысын өткізгеннен кейін 2008 жылғы қаңтардан жергілікті жерлерде жүріп жатқан үдерістерді жеке өзі барып қарап көру үшін әр өңірді араламақ.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті