Премьер-министр Елбасының алдында есеп берді


Бұл кездесуді Президенттің баспасөз қызметі небары 15 секундтық таспа түрінде таратқанымен, елдің әлеуметтік, экономикалық дамуы, негізгі мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асуы туралы сөз болған жүздесудің дәл осылай қас-қағым сәтте өте шықпағаны анық. Оның үстіне, бүгін Серік Ахметов Елбасының жеке тапсырмаларын қалай және қай деңгейде орындалып жатқанын да кеңінен баяндады. Есепті мұқият тыңдап шыққан Нұрсұлтан Назарбаев Үкімет басшысына тағы бірқатар маңызды міндеттерді жүктеді.