Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, әңгімелесушілер Лондон қор биржасына қазақстандық тау-кен металлургиялық холдинг акцияларын саудаға шығару қорытындысын және алюминий зауытының ашылу жайын талқылады.
"Компания басшыларының айтуынша ІРО-ға сәтті шығару және одан кейінгі капиталдандыру ENRC компаниясының Қазақстандағы инвестициялық жобаларын әріқарай жүзеге асыруға ықпал ететін болады", - деп көрсетілген хабарламада.