"Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне бюджеттік бағдарламалардың есебінен қаржыландыруға ұсынылған инвестициялық жобаларды іріктеу әдістемесін жасауды тапсырамын", - деп мәлімдеді К. Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында. "Қазіргі жағдаймен бұл мәселе айқындалмай отыр", - деп қосты ол.
К.Мәсімовтың айтуынша, "бұл жұмыстарды 2009-2011-жылдарға арналған бюджет жобасын қалыптастыруға қатысты бюджеттік процесс басталмай тұрып аяқтау қажет".
Сонымен бірге үкімет басшысы бюджеттік бағдарламаларды түзетуге қатысты өзгерістерді "тез арада" Бюджеттік кодекске енгізуді тапсырды. " Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне Бюджеттік кодекске осындай жұмыспен үкіметке дербес айналысуға мүмкіндік беретін өзгертулер мен толықтыруларды тез арада енгізуді тапсырамын", - деді К. Мәсімов.
Ол сонымен қатар вице-премьер Өмірзақ Шүкеевке "ағымдағы жылдың аяғына дейін пилотты мемлекеттік мекемелердің бюджеттік бағдарламаларын олар көрсететін қызметтермен және мақсаттық индикаторларымен байланыстыра түзетуді өз бақылауына алуды тапсырды".