"Маған "Алматыинвестстрой" компаниясына қатысты туындаған мәселелер бойынша шағымдар келіп түсті. Сол себлепті оперативтік штабтың жетекшісі ретінде вице-премьер Өмірзақ Шүкеевке және бас прокуратураға осы компанияға қатысты мәселенің анық-қанығын анықтауды, кінәлі адамдарды жазалауды тапсырамын", - деді Кәрім Мәсімов.
"Мемлекет басшысы берген бірінші тапсырма - құрылысқа үлес қосушылардың зардап шегуіне жол бермеу" - деп атап өтті премьер.
"Осыған байланысты мен мәселенің мән-жайын анықтап, маған баяндауды тапсырамын. Осыдан кейін мен әрақарай қандай әрекет ету керектігі жөнінде шешім қабылдаймын", - деді премьер-министр. "Мұндай проблемаларды шешу тетіктері бізде бар", - деді Кәрім Мәсімов.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін өткен үкіметтің отырысында елімізде әлеуметтік-экономикалық даму тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі үкіметтің бірінші кезекті іс-әрекеттерінің жоспары таныстырылып, бекітілді.
Еске сала кетейік, кеше, 15-қазанда "Үлесшілер одағы" үкімет басшысы Кәрім Мәсімовке "Алматыинвестстрой" ЖШС-іне қатысты үлеспен қүрылыс салу ісіне қатысты мәселенің мән жайын анықтау жөнінде өтініш жолдаған. Хатта үлоес иелері компания басшылығыне алаяқтыққа айыптап отыр.
"Алматыинвестстрой" ЖШС 2003 жылдан бері бірнеше тұрғын үй кешенін салуға тұрақты ақша жинап келген, алайда, нысандарды салу әлі басталған жоқ", - делінген одақтың үкіметке жолдаған мәлімдемесінде.
""Алматыинвестстрой" - осыдан үш жыл бұрын Төле би - Мұқанов және Мұратбаев көшелерінің қиылысындағы үйге ақша жинай бастаған бір компания. Алайда, құрылыс бүгінгі күнге дейін басталған жоқ, ал компания болса баспасөзге жариялар беріп, жарнамалар шығаруды әлі тоқтталқан жоқ", - делінген хатта.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті