Премьер-министр Көлік және коммуникация министрлігіне көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жұмыстарды жеделдетуді тапсырды

"Біз - үлкен елміз, тасжолдар, теміржол, әуежай, су жолдарының инфрақұрылымын дамыту мәселесі - бұл Қазақстанның одан әрі дамудағы басты мәселесі, біздің бәскекелестікке қабілеттілігіміздің басты мәселесі",- деді Кәрім Мәсімов.

"Егер біз алдағы 5-7 жылда бұл мәселелерді түгелдей шешпесек, онда біздің өнім жеткілікті деңгейде бәсекелестікке қабілетті бола алмайды",- деп атап көрсетті ол.

Осыған байланысты үкімет басшысы Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігіне көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі жоспарды жылдам жүргізуді" тапсырды. "Барлық жағдайларды бекітіп, жоспардың орындалуын күнделікті қадағалап отыру керек",- деп атап өтті К. Мәсімов.

Сонымен қатар премьер-министрдің пайымдауынша, концессионалдық жобаларды жүзеге асыруға қатысты жұмыстарды пәрмендендіру қажет. "Егер көлік инфрақұрылымын тек бюджеттік қаржы есебінен дамытатын болса, онда ешқандай бюджеттің шамасы жетпейді. Тасжолдарды салуға және қажетті инфрақұрылымға концессияны пайдалану қажет",- деп атап көрсетті ол.