Премьер-министр Маңғыстау облысында АЭС құрылысы жөніндегі қаулыны дайындауды тапсырды

"Қазақатомөнеркәсібі" ҰАК президенті Мұхтар Жәкішев пен "Қазақстан-ресей компаниясы "Атом станциялары" АҚ бас директоры Сергей Андропенковтың Ақтауда АЭС құрылыс салу жөнінде дәлелдерін тыңдаған премьер-министр атом қуатын өндіретін станция салу құрылысына өзінің келісімін берді. "Сонымен, бұл мәселе шешілді. Оның қаржыландырылуына байланысты тиісті шешімдер шығарамыз", - деді К. Мәсімов.

ҚР Экономика және минералды ресурстар министрлігінің инвестициялық саясат және жоспарлау департаментінің директоры Илона Шварцкопфтың хабарлауынша, биыл
Жоның техника-экономикалық негіздемесін жасау үшін қабылданған ниет декларациясын жасауға 154 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.
2008 жылы атом электр станциясы құрылысының техникалық экономикалық негіздемесін жасау және турбиналар мен реакторлық техникалық қондырғылардың техникалық жобасын жасай бастауға ҚР Экономика және минералды ресурстар министрлігінің бюджеттік өтінімі тапсырылды. Бұл мақсатқа 2 млрд 277 млн 784 мың теңге қарастырылған. Қазір қаржыландыру мәселесі қарастырылуда.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, РФ федералдық атом энергиясы жөнінденгі агенттігінің жетекшісі С. Кириенко мен ҚР энергетика және минералдық ресурстар министрі Б. Іхмұхамбетовпен арада жасалған хаттамалық шешім бойынша, 2006 жылы "Қазақстан-ресей компаниясы "Атом станциялары"АҚ құрылды. Бұл хаттамалық шешімге 2006 жылдың 25 қаңтарында ҚР және РФ президенттері Нұлсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің екі ел арасындағы қарым-қатынастарды нығайтып, атом қуаты саласын дамытуды қолға алу туралы мәлімдемелері негіз болды.

Бірлескен кәсіпорын қызметінің мақсаты- Ресей, Қазақстан және үшінші елдерге атом станцияларының ВБЭР-300 реакторларын жасап, тарату. Бірлескен "ҚРКАС" АҚ құрылтайшылары ҰАК "Қазақатомөнеркәсібі" және "Атомстройэкспорт" (РФ) ЖАҚ тең үлеспен құрған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті