Премьер-министр Оңтүстік Қазақстан облысының әкіміне Әшімовтың кандидатурасын таныстырды (толықтырылған нұсқа)



Өңірдің жаңа басшысын таныстырмас бұрын К.Мәсімов облыстың бұған дейінгі әкімі Өмірзақ Шүкеевке атқарған жұмысы үшін ризашылық білдірді. "Мен Өмірзақ Шүкеевті вице-премьер болып тағайындалуымен құттықтаймын. Ол сіздермен бірге Оңтүстік Қазақстан облысында да көп іс тындырды",- деді үкімет басшысы.

Ал жаңа әкімге қаратып айтқан сөзінде К.Мәсімов үкімет тарапынан облысты дамытуға баса назар аударылып отырғанын атап өтті. "Ауылдық жерлерде салынуға тиіс 100 мектептің 39-ы Оңтүстік Қазақстан облысында салынады. Осының өзі айрықша қарым-қатынастың белгісі",- деді К.Мәсімов. "Өмірзақ Шүкеев келесі жылға арнап ойдағыдай бюджетті қорғап шықты. Ендігі жерде сіздер үшін маңыздысы - осы қаржыны дұрыс жұмсау болмақ",- деді үкімет басшысы. Премьер-министрдің пікірінше, мақта саласының технологиялық дамуы мен өнеркәсіптік кәсіпорындарға баса көңіл бөлу қажет.

Ө.Шүкееев те өз кезегінде жаңа әкімге сәттілік тіледі.

Н. Әшімов бұған дейін Батыс Қазақтан облысының әкімі болған. Ал Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігін Өмірзақ Шүкеев басқарған, ол кеше үкімет басшысының орынбасары болып тағайындалды.