"Сізге ҚР СІМ-мен бірлесе отырып еліміздің ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығының экологиялық блогына қатысты ұсыныстар дайындауды тапсырамын", -деді Кәрім Мәсімов ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовқа қаратып айтқан сөзінде.
Премьер Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасайтынын еске салды. "Экологиялық мәселелер мен қоршаған ортаны қорғау бүгінгі таңда осы ұйымның басты басымдықтарының бірі деп жарияланған", - деді Кәрім Мәсімов.