Премьер-министр Семейге жұмыс сапарымен барады

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, үкімет басшысы жұмыс сапары барысында Шульбинский су электр станциясына баруды, сондай-ақ онкологиялық диспансер мен 2-ЖЭО жылу көзінде болып қайтуды жоспарлаған.

Іссапардың аяқталуына орай, Кәрім Мәсімов Семей қаласының белсенділерімен және де қалалық кәсіпорындар мен ұйымдардың басшыларымен бірге отырыс өткізеді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті