Сапар бағдарламасы бойынша үкімет басшысы бүгін Минскідегі "Интеграл" ғылыми өндірістік бірлестігі мен "Агат" мемлекеттік ғылыми-өндірістік бірлестігіне барады.
Ал, ертең Минскіде ТМД-ға қатысушы-мемлекеттер үкімет басшылары кеңесінің отырысы өтеді. Алдымен үкімет басшыларын Беларусь президенті Александр Лукашенко қабылдайды. Үкімет басшылары алдымен шағын құрамда, артынан кеңейтілген құрамда кездеседі. Үкімет басшылары кеңесі отырысының қорытындысы бойынша жұмыс тәртібінде қабылданған құжаттарға қол қойылатын болады. Кеңес отырысы аяқталғаннан кейін үкімет басшылары Беларусь ұлттық кітапханасын аралап көреді.
Бұдан бұрын хабарлағанымыздай, үкімет басшылары кеңесі отырысының барысында экономикалық мәселелер топтамасы, соның ішінде ТМД органдарының 2007 жылға арналған біртұтас бюджетіне қатысты мәселелер талқыланады деп жоспарланып отыр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті