Премьер-министр тұрғын үй инспекцияларын құру қажет деп санайды

"Осыдан он жыл бұрын біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының реформасын бастаған кезде біз тұрғын үй қорының ахуалын қадағалау және тұрғын үйлерді тексере отырып беті ашылған заң бұзушылықтарды жоюға нұсқау беру мәселелерін назардан тыс қалдырып алдық", - деді ол.

"Менің пайымдауымша, мұндай құқық әкімшіліктерге берілуге тиіс. Қазіргі реформалардың аясында облыстар, Астана және Алматы қалалық әкімшіліктеріне тұрғын үй инспекцияларын құруға тапсырма беремін", - деді Кәрім Мәсімов.

Премьер-министр Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне және басқа да мемлекеттік мекемелерге "осындай инспекцияларды құрып, тиісті қаржы бөлуді" тапсырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті