Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Ө. Шөкеев Шаңғы жарыстары федерациясының президенті болды

Бұл туралы бүгін Үкіметте шаңғы спорты мәселесіне арналған кеңесте Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Алдағы уақытта Азияда тұрғаны белгілі. Спорттың осы түріне өте үлкен сенім артып отырмыз. Уақыт өте тығыз, сондықтан біз тиісті жұмыстарды жедел түрде атқаруымыз қажет», - деді Ө. Шөкеев.
Сонымен қатар ол еліміздегі шаңғы базаларын тәртіпке келтіру шараларын қолға алуды тапсырды. «Елордадағы, Бурабайдағы, Өскемендегі және Қостанайдағы шаңғы базаларын халықаралық деңгейге жеткізу тұрғысында тиісті шаралар атқарыла бастайды. Ал Алматыда бұл жұмыстар қазір жүргізілуде», - деді Премьер-Министрдің бірінші орынбасары.
Осы орайда Ө. Шөкеев Қазақстанда шаңғы трассалары қалпына келтіріліп, жас шаңғышыларды тәрбиелеуге мүмкіндік болатынын жеткізді. «Ең бастысы, бұл тұрғыда бұқаралық спортты дамытуға назар аударылады. Осыған байланысты міндетті түрде оң нәтижелер болады», - деді ол.
Айта кетейік, Өмірзақ Шөкеев Шаңғы жарыстары федерациясының президенті болып тағайындалды. «Шаңғы - спорттың жақсы түрі. Мен осы қызметке қуана кірісіп отырмын», - деді ол бүгінгі кеңес барысында.