Премьер-министрдің кандидатурасы қашан ұсынылады: Қошанов жауап берді

Бұл туралы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы  Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның айтуынша, премьер-министрдің кандидатурасы таяу күндері ұсынылады.

“Уақыты келгенде білесіздер. Қазір мен оны ашып айта алмаймын. Мемлекет басшысына кандидатураны (премьер-министр кандидатурасы) таяу күндері ұсынатын боламыз. Мүмкін ертең не арғы күні. Қазір процедурасын пысықтап жатырмыз. Президентпен кездесуде ұсынатын шығармыз және жалпы отырыста келісімімізді береміз", - деді Мәжіліс төрағасы БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Ерлан Қошанов дәл қазір Үкімет басшысына мына кандидатты ұсынамын деп айту орынсыз болатындығын баса атап өтті.


"Партия төрағасы ретінде ол - үлкен жауапкершілік. Партия фракциясында ақылдасуымыз керек. Содан кейін мен сіздердің алдыларыңызға шығып не болмаса тиісті процедуралар арқылы сауалдарыңызға жауап беремін", - деді Мәжіліс төрағасы.