Премьер-министрдің көлігін ұрлап әкеткен қазақстандық кім?

Сонау 90-шы жылдары Красавчик деген лақап аты бар атақты көлік ұрлаушы болыпты. Оның тіпті өте қымбат машиналарға деген құмарлығы 1996 жылы дипломатиялық жанжалға себепкер бола жаздады, деп жазады «КАРАВАН» газеті.

Ол кезде Красавчик Өзбекстанның астанасы – Ташкентке барған. Жақындарына іссапарға кеттім депті. Бірақ атақты ұры, әрине, онда шабдалы алу үшін барған жоқ еді. Оның көздегені Өзбекстан премьер-министрінің «алтыжүздік» «Мерседесі» болатын. Бұл көлікті ұрылар Алматыға алып келген.

Өзбек құқық қорғау органдары үкімет басшысының машинасын табу үшін, әрине, жан аямай әрекет етті. Бірақ әрекеттерінен түк шықпады. Содан кейін көрші елдің милициясы қазақстандық әріптестерінен көмек сұрады. Ал Алматының ішкі істер бас басқармасы көлікті қазақстандық қылмыс әлемі серкелерінің біріне қысым жасау арқылы тапты. Яғни милициядағылар оның үш бірдей «Мерседесін» ұрлықы деген желеумен тартып алған. Сосын премьер-министрдің көлігін сол тауып беріпті.

Оны ұрлауға қатысқан халықаралық қылмыстық топ мүшелерінің барлығы дерлік, яғни 18 адам ұсталды. Оның жартысы – Өзбекстан азаматтары. Олар 12 жылдан 20 жылға дейін сотталды. Ал Красавчикке 18 жыл берілді.


Қатты қуанған өзбек милиционерлері қазақстандық әріптестеріне Красавчиктің адамдары Алматыдан ұрлаған 20 машинаны қайтарып беріпті.