Президент 2006-жылдан бастап мемлекеттік мекемелердің іс-қызметін рейтинг негізінде бағалау жүйесін енгізуді ұсынды

"2006-жылдан бастап мемлекеттік мекемелердің іс-қызметін рейтинг негізінде бағалау жүйесін енгізу қажет",- деді Н.Назарбаев.

Президент "еліміздегі әкімшілік реформаларды одан әрі жалғастыру қажет", деп атап өтті. "Мемлекеттік аппараттың жұмыс істеу идеологиясын өзгертіп, оны бірінші кезекте кәсіпкерлікті дамытуға, мемлекеттік қызметтің сапасын арттыруға бағыттау керек",- деді ол.
"Қазіргі жағдаймен әкімшілік реформалардың ұйымдастырушылық құрылымы мен нормативтік-құқықтық базасы қалыптасты. Енді реформаларды пәрмендендіріп, оны мазмұндық тұрғыда байыту қажет. Мемлекеттік мекемелердің қызметін ведомстволық бағыттан бұрып, тұрғындардың нақты мұқтаждығына бейімдеу қажет",- деді Н.Назарбаев. Президенттің пайымдауынша, ол үшін "барлық деңгейдегі мемлекеттік басқару процестері мен процедураларды одан әрі өзгерте жетілдіру қажет". "Мұндай трансформация әрбір мемлекеттік мекемені нақты бағаланатын нәтижелеріне қарай бағалауға мүмкіндік береді",- деді Н.Назарбаев.