Президент 2014-2016 жылдары республикалық бюджетке түзетулер қабылдады


Заң мәтіні "Казахстанская правда" азетінде жарияланды.
Бұрын хабарланғандай, 2014 жылдың республикалық бюджетін қайта өарауға елдегіэкономикалық жағдайды талдау негізіндегі макроэкономикалық көрсеткіш өлшемдерін нақтылау және 2014 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы түсімдерге сүйене отырып есепті нақтылау себеп болған.
Табыстағы күтілетін шығынды жартылай өтеу мақсатында бюджет дефицитін 2014 жылы 164,2 млрд теңгеге, немесе ІЖӨ-ге шаққанда 2,3%-дан 2,6%-ға арттыру жоспарланған.
2014 жылға арналған республикалық бюджет кірісінің нақтыланған болжамы 2014 жылғы 420 млрд теңге болып бекітілген жоспарға шаққанда 3,940 трлн теңге сомада айқындалған, оның ішінде салықтық түсімдер бойынша 460,5 млрд теңге кеміген және салықтық емес түсімдер бойынша 39,5 млрд теңге артқан, негізгі капитал сатудан түсімдер бойынша 267 млн теңгеге артқан.
2014 жылғы республикалық бюджет шығыны бюджетке түсімдер бойынша нақтыланған болжамды ескергенде, Ұлттық қордан мақсатты трансферт тарту және дефициттің артуымен 65,5 млрд теңге белгіленген мөлшерге қатысты артумен 7,190 трлн теңгені құрайды.
Ұлттық қордан ағымдағы жылға кепілдендірілген трансферт мөлшері 1,480 трлн теңге деңгейде сақталған.
Қабылданған шешімдерге сүйене отырып, Ұлттық қор басқармасының кеңесі 2014 жылдың республикалық бюджетінің түсімдерінде Ұлттық қордың 325 млрд теңге сомадағы қосымша трансферттері көрсетілген.
Ұлттық қордан 325 млрд теңге мөлшеріндегі мақсатты трансферт келесі жобаларға жіберіледі:
250 млрд теңге – банктік секторды оңалту үшін «Проблемалы несиелер қоры» АҚ капиталдандыруға;
75 млрд теңге «Ұлттық мұнайхимия технопаркі», «Қорғас-Шығыс қақпа» және «Астана-жаңа қала» АЭА аумақтарында инфрақұрылым салу, 2015-2019 жылдары индустриалдық-инновациялық даму бағдарламасының жобаларын қаржыландыруға «Бәйтерек» АҚ капиталдандыру үшін «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ жарғылық қорын арттыруға жіберу ұсынылған.
Инфляция бойынша өлшемдер жыл соңында 6-8% шамасындағы болжанған деңгейде сақталады.