"ҚР "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001-жылғы 13-желтоқсандағы заңының 4-бабына сәйкес ҚР президентінің 1998-жылғы 20-қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелер туралы" №3827 жарлығына мынадай толықтыру енгізуді қаулы етемін: аталмыш жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы кәсіби және басқа да мерекелердің тізімі "23-маусым- Полиция күні" деген төртінші абзацпен толықтырылсын",- делінген құжат мәтінінде.
Мемлекет басшысының жарлығы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті