Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осындай жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
«Жарлыққа сәйкес, биылғы жылдың 2-сәуірінен 2015 жылдың 1-қаңтарына дейін шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге мораторий жариялаймын. Мен үкіметке қазақстандықтардың бизнеспен айналысуына қолайлы жағдай туғызу мақсатында бірқатар нақты шараларды қолға алуды тапсырдым», - делінген елбасы жарлығында.