Президент әкімшілігі мен "Қазына" ТДҚ" АҚ-ның жаңа басшылары тағайындалды (толықтырылған нұсқа)

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен президент әкімшілігінің жетекшісі болып Қайрат Келімбетов тағайындалды.

"Президент әкімшілігінің жетекшісі қызметіне мен экономикалық блокты басқарған Қайрат Келімбетовты тағайындадым",- деді президент.

"Осыған байланысты мынадай ауыс-түйістер болды: "Қазына Тұрақты даму қоры" АҚ-ның басшысы болып Арман Дунаев тағайындалды, ол ҚР Қаржылық ұйымдар мен қаржы нарығын қадағалау агенттігінің төрағасы болғаны белгілі",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.

"Дунаевтың орнына Елена Бахмутова тағайындалды",- деді ол.

Президент әкімшілігінің бұрынғы жетекшісі Әділбек Жақсыбеков "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

"Мен Әділбек Жақсыбековты "Нұр Отан" партиясындағы өзімнің бірінші орынбасарыма тағайындадым. Ол сондай-ақ, партиядағы өз функциясын атқаруға қолайлы болуы үшін ел президентінің кеңесшісі болады",- деді Нұрсұлтан Назарбаев.