Президент әкімшілігінде жаңа тағайындаулар болды

ҚР президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары - мемлекеттік-құқық басқармасының бастығы қызметіне Бауыржан Мұхамеджанов тағайындалды. Ол бұған дейін ҚР президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары - ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасының бастығы болған.

Нұрлан Нығматуллин ҚР президентінің әкімшілігі басшысының орынбасары - ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты басқармасының бастығы болып тағайындалды.