"Барлық діндер әрқашан лаңкестікке қарсы тұрған. Бүгін де осынау сьезге қатысу арқылы біз бұны қайта бір растап, баршаңызды бейбітшілікке шақырамыз",- деді Қазақстан мемлекет басшысымен кездесуден кейін өткізілген баспасөз мәслихатында Бас имам, шейх шейх Аль-Азхара Мухуммад Саид Тантауи (Мысыр).
"Қауіпсіздік - мемлекеттің ісі. Ол шіркеудің миссиясына жатпайды. Бірақ шіркеудің миссиясы - ол - бейбітшілік, келісім мен бауырмалдық. Ал бұлар кез-келген мемлекеттегі ең жоғары құндылықтар",- деді Минск және Слуцк митрополиті, Беларусь елінің Экзарх патриархы Филарет журналистермен кездесуде. "Мен бүгін Астанада болып жатқан оқиғаларға, елде қарқын алған құрылыстарға, соның ішінде дінаралық қарым-қатынас ахуалына да таңданысымды білдіремін. Бұл президент Назарбаевтың бейбітшіліксүйгіш саясатының жемісі",- деді ол.
"Бейбітшілікті сақтау үшін тараптар жаппай жұмылуға тиіс. Оған дін және саяси қайраткерлер де кіреді",- деді Малайзияның бұрынғы үкімет басшысы Мохатхир Мұхаммед.
"Бейбітшілік пен сенімділік орнату үшін дінаралық диалогтың маңызы зор. Біз бір-бірімізді құрметтуге және сүюге тиіспіз",- деді Константинополь православиелік шіркеуінің патриархы Варфоломей І (Түркия).
Бүгін мемлекет басшысы сьезге қатысушылармен тағы да бірқатар екі жақты кездесулер өткізеді деп күтілуде. Президент әкімшілігі баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, форум жұмысы аясында Н.Назарбаев 30-дай екі жақты кездесу өткізеді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті