Президент әлеуметтік қамсыздандыру жөніндегі заңнамаға енгізілетін түзетулерге қол қойды

Заң арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алу құқығына ие Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген тұлғалар мен басқа санаттағы азаматтарға берілетін арнаулы мемлекеттік жәрдемақы мөлшерін арттыруға, сондай-ақ, зейнетақылар мен жәрдемақыларды “ай-айында төлеу” принципіне көшуді іске асыруға бағытталады.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды көбейтуге 2006- жылы республикалық бюджеттен 777,8 млн. теңге бөлу көзделуде.

Арнаулы мемлекеттік жәрдемақыларды көбейту, зейнетақылар мен жәрдемақыларды “ай-айында төлеу” принципіне көшу Елбасының 2006-жылғы 1-наурыздағы Қазақстан халқына арнаған жолдауына сәйкес жүзеге асырылып отыр.