Атап айтқанда, елбасы "Қазкоммерцбанктің" жаңадан салынған бас кеңсесінде операциялық жүйені іске қосты.
"Аймақтық қаржы орталығы секілді жобалар Алматының бейнесін өзгертеді", - деп ресми БАҚ елбасы сөзін келтірген.
Қазіргі уақытта Аймақтық қаржы орталығының жалпы көлемі 47 мың шаршы метр бірінші ғимаратының құрылысы аяқталды. Оған "Қазкоммерцбанктің" бас кеңсесі орналасты.
Елбасы банктің даму жоспарларымен және құрылыс салушы компания Capital Partners-тің инвестициялық жобаларымен танысты.
Жалпы көлемі шамамен 3 млн шаршы метр болатын Аймақтық қаржы орталығының ғимараттары шамамен 80 га аумақта орналасады. Көзделіп отырған инвестиция көлемі - 6 млрд АҚШ доллары.