Президент Алматы қаласына жұмыс сапарымен келді

Президент Алматы қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлайды Caravan.kz  Ақорданың Telegram каналына сілтеме жасап.

Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполистегі әлеуметтік нысандарды аралап көреді, бірқатар кездесу өткізеді.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Алматыда Корея Республикасының Сыртқы істер министрі Пак Чжинмен кездеседі деп жоспарланған.


Loading...