Президент Ақмола облысының диқандарын Астананы азық-түлікпен қамтамасыз етуге шақырды


«Мемлекет диқандарға орасан зор көмек көрсетіп отыр. 2009 жылдан бері облыстағы барлық шаруашылықтарға берілген субсидия мөлшері 8 есеге артты. Осыны ескере отырып, мен сіздерге елорданы өз өнімдерімізбен қамтамасыз ету міндетін жүктеймін. Астана – сіздерге тиіп тұрған жалғыз тұтынушы қала. Елордамыз үлкейіп келе жатыр, есесіне, тұтыну көлемі де артады», - деді Н. Назарбаев Көкшетау сүт зауыты ұжымымен кездесуде.