Президент Астанада Ақорданың алдындағы алаңдағы еліміздің Жаңажылдық бас шыршасының ашылуына қатысты

Мемлекет басшысы Жаңа жыл үлкеннің де, кішінің де асыға күтетін айрықша мерекесі екендігін атап өтті. Олардың баршасы жаңа жылға үлкен үміт артып, одан тек жақсылықтар мен өзгерістер күтеді.

Нұрсұлтан Әбішұлы Қазақстанның барлық халқының бірлігі, достығы мен бауырластығы жаңа биіктерге жетелейтінін атап өтті.

"Қазақстан әрқашан балалардың Жаңа жыл алдындағы қуанышындай көңіл-күйге бөленіп тұрсын", - деді Нұрсұлтан Назарбаев салтанатты рәсімге қатысушыларға арнаған сөзінде.