Президент Астананың мерейтойына қатысты салтанаттардың ашылу құрметіне орай "Атамекен" ескерткішінде мемлекеттік туды көтерді

"Бұл іс-шарамен біз Елордамыздың мерейтойына қатысты барлық салатанаттарды бастаймыз", - деді мемлекет басшысы.

"Осы жылдарда біз біршама сындарды басымыздан өткердік. Барлық жеңістерге біз аспан түстес көк туымыздың астында жеттік", - деді Н. Назарбаев. "Біртұтас көк түс біздің халқымыздың бірлігін, елімізде тұратын ұлттардың бірлігін паш етеді", - деді ол.

"Біздің көпұлтты еліміз барлық қиындықтарды еңсеріп, бүгінгі табыстарға жетті. Біздің елімізді әлем танып құрметтейді, ал біздің жаңа Елордамыз -Астана саяси оқиғалардың орталығына айналды", -деді президент.

Сондай-ақ, президент бүгін Астанадағы Цирк алаңында болып, ондағы қарағанды облысының әкімдігі тарапынан Астананың 10 жылдығына оарй тарту етілген субұрқақтар мен мүсін өнері композицияларымен танысты.