"Президент астананың Қостанай қаласына ауысатынын мәлімдеді": Мессенджер арқылы тараған ақпарат қызу талқылға түсті

Еліміздегі негізгі БАҚ-та да мұндай хабарлама жарияланбаған. Сонымен қатар ресми Akorda.kz порталында да астанамыздың ауысатыны жөнінде дерек жоқ.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев та өзінің Twitter-дегі парақшасында мұндай ақпаратты жарияламады. Сонымен қатар

Президенттің баспасөз қызметінің ресми
Twitter
парақшасында да Қостанай қаласының астана болатыны туралы жазылмаған.

Ешқандай дереккөзде Президенттің астананың Қостанай қаласына ауысатыны туралы мәлімдемесі жоқ, демек ақпарат жалған.