Caravan Logo

Президент Бахрейн Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Президент Бахрейн Короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақордаға сілтеме жасаған Сaravan.kz медиа порталы хабарлайды.

Мемлекет басшысы жеделхатында Қазақстанның Бахрейнді араб әлеміндегі және Таяу Шығыстағы сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі ретінде қарастыратынын атап өткен.

Сондай-ақ дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастық қос халықтың игілігі жолында қарқынды дами беретініне сенімді екенін жеткізген. Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Хамад бен Иса Әл Халифаға ұзақ ғұмыр, Бахрейн халқына бақ-береке тіледі.