Бұл туралы Caravan.kz тілшісі хабарлады.
"Мынаны айта кетейін, заң бойынша президент өз жолдауын ауызша немесе жазбаша жеткізе алады. Бұл жолы мен екінші тәсілді таңдадым. Онда еліміздің жаңа кезеңдегі даму барысы туралы айтылады. Біз ширек ғасырда жаңарудың екі кезеңінен өттік. Біріншісі - нарық экономикасы аясында мүлдем жаңа мемлекетті құру. Екінші жаңару барысында "2030 стратегиясын" жүзеге асырып, Астананы аяғынан тұрғыздық. Қазақстан жоғары қарқынмен дамып, дамыған 50 елдің қатарына кірді" деді президент.
Еске сала кетсек, бұған дейін Нұрсұлтан Назарбаев халыққа
арнайы үндеуін жолдады. Онда Елбасы мемлекеттік билік тармақтары арасындағы өкілеттіктерді қайта бөлу туралы айтып өтті.