Президент "Болашақ" бағдарламасы бойынша ауыл жастарына арналған стипендия санын өсіруді ұсынды

"Ауыл жастары үшін стипендия санын өсіру керек",- деді мемлекет басшысы. Оның пайымдауынша, мұндай стипендиаттар үшін "аймақтарда бес жылдан кем емес уақыт жұмыс істеу міндетті шарт болуға тиіс.

"Негізінен оқып келген түлектердің барлығы Алматы мен Астанаға, ең болмағанда облыс қалаларына орналасады. Тек 115 адам ғана аймақтарда жұмыс істеуде, бұл жеткіліксіз",- деп атап көрсетті ол.

Барлығы 15 жыл ішінде "Болашақ" бағдарламасы аясында 3850 қазақстандық шетелде білім алған.