Президент "Болашақ" бағдарламасын модернизациялауды ұсынады

"Жаңа міндеттер бағдарламаны одан әрі дамытуды талап етеді",- деді Н. Назарбаев.

Оның пайымдауынша, бірінші кезекте "стипендиаттарды іріктеу жүйесінің барынша ашық болуын қамтамасыз ету" қажет. "Қоғам демократияға және ең бастысы бағдарламаның әділдігіне күмәнданбауы керек",- деп атап көрсетті елбасы. "Жастардың әділ өтуі керек және де шенеуніктер мен министрлерді өз адамдарын тықпалағаны үшін жұмыстарынан әлсін-әлсін алуға тура келмейтін болуы керек",- деп қосты ол. "Шетелде мамандар дайындау жөніндегі республикалық комиссия осы процестің барлығын бақылауға алуға тиіс. Білім және ғылым министрлігі оның нәтижесіне толық жауапты болуға тиіс",- деп атап көрсетті президент.

Сонымен қатар Н. Назарбаевтың пайымдауынша, "бағдарламаға мемлекеттік жас қызметкерлердің, әсіресе аймақтардан келген мамандардың біліктілігін көтеру мүмкіндігін қамту керек".

Президент сондай-ақ халықаралық бағдарлама орталығының базасында әлемдік тілдер мектебін құруды ұсынды. "Бұл стипендия үміткерлерінің көп уақыты мен қаржысын үнемдеуге болатын жақсы ұсыныс",- деп түсіндіріп өтті ол.

"Стипендиаттардың оқу кезінде қазақстандық ортадан алыс кетпеуі үшін олардың жазғы демалыстарында Қазақстанның мемлекеттік органдарында, ғылыми институттарында, ұлттық компанияларында біліктілік шыңдаудан өтуін қарастыру қажет",- деп атап көрсетті Н. Назарбаев.