Бүгін сол үміткерлердің бірі алғашқы сыннан-ақ сүрінді. 56 жастағы кәсіпкер Асқар Сырғабаев мемлекеттік тілге шорқақ екен. Лингвистикалық комиссия оны президенттікке кандидат болуға жарамсыз деп тапты. Жалпы үміткерлерді тіркеу 25-ші наурызда аяқталады. Оған дейін әлі талай адамның Орталық сайлау комиссиясы мүшелерін мазалайтын түрі бар. Ал тіркеу мерзімінен соң бір ай бойы үгіт-насихат науқаны басталмақ. Осыған орай елімізде сайлау барысын бақылау жөніндегі республикалық комиссия өз жұмысын қайта жандандырды. 26-шы сәуірге белгіленген басты саяси науқанның өзіне бюджеттен 5 жарым млрд теңге бөлінгелі отыр.
Бақыт Сұлтанов, ҚР Қаржы министрі:
-Тиісті мемлекеттік органдармен бұл мәселені талқыладық. Арнайы жұмыс тобы да құрылды. Президент сайлауын өткізуге 5 миллиард 500 миллион теңге қаржы жұмсалады. Қаражат Үкіметтің қорынан бөлінеді деп отырмыз.
Loading...