Президент Даниял Ахметовты үкімет басшысына тағайындау туралы жарлыққа қол қойды

Жарлыққа парламент палаталарының бірлескен отырысында Даниял Ахметовты үкімет басшысына тағайындауға Парламент келісім бергеннен кейін қол қойылды.

"Менің ұсынысыма қолдау көрсеткендеріңіз үшін ризашылығымды білдіремін ",- деді Елбасы парламент депутаттарына.
Осы орайда президент : "Биыл мен қол қойған барлық бағдарламалар Д.Ахметов бірінші вице-премьер міндетін атқарған тұста жасала бастаған. Сол себепті бізде қолға алған істі жалғастыруға бағытталған мирасқорлық-септестік үрдісі сақталады",- деп атап көрсетті.