"Мен парламент депутаттары осы бағытта заңнамалық деңгейде сапалық ілгерілеушілікті қамтамасыз ете алады деп сенемін", - деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев бүгін төртінші шақырылған парламенттің бірінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде.
"Қазақстандағы денсаулық сақтау стандарты ТМД елдеріндегі таңдаулы стандартқа айналуға тиіс. Ол үшін біз кәсіби білікті мамандардың жалақысын көтеруге, медицина мамандарының тапшылығы проблемасын түпкілікті шешуге, ауылдарда сапалы медициналық қызметтті қамтамасыз етуге тиіспіз", - деді мемлекет басшысы.
Ол "таяу жылдарда жаңадан 150 денсаулық сақтау нысаны мен ауылдарда 300 дәрігерлік амбулаторияларды салу қажеттігін" атап өтті. Бұған қоса "мүгедектер мен мүгедек балаларды сауықтырудаң халықаралық стандарттарға сай аймақтық орталықтарын құру қажет".
Н. Назарбаевтың пікірінше, "Қазақстандағы білім беру саласын әлемдік стандарттарға жақындата түсу қажет". "Ол озық әрі қол жетімді болуға тиіс", - деді президент.
"Таяудағы жылдарда біз 250 жаңа мектеп пен 50 кәсіптік -техникалық оқу орнын ашуымыз қажет", - деді Н. Назарбаев.