"Бүгінде ел экономикасында артық қуат өндіріледі. Алайда, жаңа өндірістер мен инфрақұрылымды қарқынды дамыту жоспарына сәйкес және ел экономикасының энергетикалық сыйымдылығын ескерсек, энергияға деген сұраныс әлбетте артатыны анық. Қуат тапшылығы тіпті орта мерзімді перспективада экономикалық өсімді тежейтін себепке айнала алады",- деді президент.
"Үкімет қуат генераторларын салу және қолданыстағыларын жаңалау, электр қуатын жалғастыру және тарату желілерін жаңалау мақсатын жүйелі түрде шешуге баса назар аударғаны жөн",- деді ол.
"Ол бірнеше маңызды мақсатты шешуге көмектесуге тиіс. Біріншіден, аймақтардағы электр қуатының тапшылығын шешу, екіншіден, электр қуатын халықаралық транзитті тасымалдау және экспорттау, үшіншіден, қуат үнемдеуге ынталандыру және экологиялық қауіпсіздік, төртіншіден, Еуразиялық электр энергетикасы нарығымен интеграциялануға қолайлы жағдайлар жасау",- деді Н.Назарбаев.
"Осыған байланысты үкіметке электр энергетикасына қатысты қолданыстағы бағдарламаларды 2006-жылдың 1-тоқсанында түзетуді міндеттеймін",- деп мәлімдеді президент.
"Ел экономикасына қуат үнемдеуге бағытталған технологияларды енгізуге баса назар аудару қажет",- деді президент.